Елжан Біртанов: Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік бойынша көпсатылы тексерістен өтеді

14.05.2020
Елжан Біртанов: Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік бойынша көпсатылы тексерістен өтеді

Денсаулық сақтау министрі вакцинация мәселесіне қатысты пікір білдірді

«Кейінгі кезде әлеуметтік желілелерде міндетті вакцинация, сапасыз вакцина мен вакцинадан кейінгі қиындықтар туралы әңгіме жиі көтеріліп кетті. Бұл – қоғамдық сананы ашық манипуляциялау. Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі емес. Бүкіл әлемдегі секілді біздің елде екпе жасату ерікті және міндетті болады. Әрбір жағдайда ата-аналардың ақпараттық түрде келісім беруге немесе вакцианциядан бас тартуға құқығы болады. Екпе жасалмаған балалардың құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ.

Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік, тиімділігі мен сапасы бойынша көпсатылы тексерістен өтеді. Ол тексерістің бәрі де өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сай келеді», - деп жазды Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында.

Хабарламаларға жазылу