Орал қаласынан Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласынан Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтілді

13.05.2020

Бүгін Орал қаласынан Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілердің арқасында 10 миллион теңге қаржы жиналды. Оған азық-түлік, киім-кешек, төсек жабдықтары мен гигиеналық заттар алынды. Жалпы көлемі 30 тонна тауар тиелген жүк көліктері екі тәулік ішінде оңтүстікке жетеді.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу