Балаларға екпе жасауды міндеттеу туралы мәселе Мәжілісте қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға екпе жасауды міндеттеу туралы мәселе Мәжілісте қаралды

13.05.2020

Балаларға екпе жасауды міндеттеу туралы мәселе Мәжілісте қаралды. Көптен бері қызу талқыға түскен вакцина тақырыбы бойнша жолданған 717 түзетудің барлығы қабылданып, тек екеуі теріс деп танылды. Алғашқысы профилактикалық екпені «міндеттеу» сөзін «құқылы» сөзіне ауыстыру болатын. Кейінгісі екпе жасалмаған баланы балабақшаға баруды шектейтін норманы жою еді. Екеуі де назардан тыс қалды.   

Ал темекі ендігі жерде 21 жасқа толмағандарға сатылмайды. Бұл норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске енгізілді.

Сонымен қатар депутаттар трансплантология мәселесін реттейтін нормаларды пысықтады. Адам тірі кезінде донор болуға ресми түрде келісім бермесе, көз жұмған соң ағзаларын алуға тыйым салынады. Сондай-ақ шетелдіктердің мұқтаждық үшін Қазақстаннан ағзалар мен тіндерді алып кетуіне тыйым салынады.

Мәжілісте «тыныштық режимін» сақтау мәселесі де қаралды. Тыныштық сақтау уақыты жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10-ға дейін белгіленді.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу