Елордадағы «Орталық базар» маңында шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Орталық базар» маңында шу шықты

12.05.2020

Бір топ саудагер базар басшылығына наразы. Себебі қызметкерлер наурыз айында сәуірдің жалдау ақысын төлеген. карантинге байланысты саудагерлердің жұмысы 1 ай жарым тоқтап қалған болатын. Сол себепті базар қожайыны алдыңғы төлем мамыр айына есептеледі деген. Бірақ уәделерінен айнып, тағы да аренда құнын төлеңдер, төлемесеңдер ашпаңдар деген талап қойып отыр. Қайта-қайта беретін қаражатымыз жоқ деген сатушылар қысылтаяң уақытта қысым көрсеткен базар әкімшілігіне ашулы. Өйткені саудагерлер ай сайын әр орын үшін орташа есеппен 500 мың теңге төлеуі тиіс. Ал базар басшылығы бұл шағымға жауап беруден бас тартып отыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу