Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді.
«Әзірше отбасылық шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 пайыздан төмен болғанда, сырттан келетіндерді санамағанда, ел ішінде коронавирус жұқтыру дерегі тілкелмесе, сонда ғана отбасылық шараларға рұқсат беріледі», - деді ол.