Екпе жасауға қарсы адамдар петиция дайындаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе жасауға қарсы адамдар петиция дайындаған

10.05.2020

Екпе жасауға міндеттеуге қарсы адамдар бар. Олар петиция дайындаған. Констиуциялық құқықтарына қол сұғу деп есептейді.

Дәрігерлер мен медицина ғалымдары вакцина мен антибиотиктің арқасында адам баласының өмірі ұзарғанын еске салудан жалыққан емес. Шешек, полиомиелит, сіреспе, қызылша, іш сүзегі сияқты індеттер адамдарды әлсін-әлсін баудай түсіргенін иә, өзіміз де тарихтан оқыдық. Дүние жүзінде вакцинаның арқасында жыл сайын бірнеше миллиондаған бала ажалдан аман қалатынын айтады мамандар.

Баланың өлімі... Қолдан келер шара болмай, зар жылап қалу деген. Қазақтың көрнекті ақын-композиторы Кенен Әзірбаевтың Базар мен Назар есімді ұлдары бір күнде шешектен көз жұмғанында шығарған шерлі әні еске түседі.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу