Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік шекарамыз бен әуе кеңістігімізді күзетіп, армия және флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбазға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы патриотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және елдік мүдде жолындағы абыройлы әрі мәртебелі қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу