Алматыда коронавирустан 68 жастағы науқас көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирустан 68 жастағы науқас көз жұмды

06.05.2020

Алматыда бүгін коронавирус індетінен 68 жастағы науқас көз жұмды. Осымен қалада Covid-19 вирусынан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.

Ал мегаполисте соңғы тәулікте тағы 36 адамнан инфекция табылып, індет жұқтырғандар саны 1400-ге жуықтады. Жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 1156 пациент емделуде. Дәрігерлер 1 науқастың жағдайы өте ауыр, ал 34 адамның жағдайы ауыр екенін айтты. Коронавирустық инфекциядан тағы 17 науқас сауығып шықты. Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 263 пациент індеттен айықты. Сондай-ақ соңғы тәулікте қалада Covid-19 вирусының індет ошағы 126-ға дейін қысқарды. Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты бір тәулікте 5, жалпы 291 мекен-жайдан шектеулер алынып тасталған. Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда карантин енгізілгеннен бастап төтенше жағдай режимін бұзған 2 200-ден астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 605 і қамауға алынған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу