Алматылық эко белсенділер жол бойындағы жасыл желекті кесуге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық эко белсенділер жол бойындағы жасыл желекті кесуге қарсы

05.05.2020

Алматыда жасыл желекті заңсыз кесу жиілеген. Мәселен, биыл шығыс айналма жолының бойында 1800-ден астам ағаш оталған.

Ал үлкен жол айырық салынып жатқан маңда кешеден бері 50 ағаш кесілген. Осыған орай, алматылық экологтар ең алдымен табиғатты қорғайтын заң талаптарын күшейту керектігін айтып дабыл қақты. Себебі, қалада құрылыс басталса сол жерде өсіп тұрған жасыл желектер жиі шабылады. Бір тал ағашты заңсыз кескендерге заң бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Алайда бұл жаза ешкімге қолданылып жатқан жоқ, дейді экобелсенділер.

Ал әкімдіктегілер ағаштарды кесуге арнайы рұқсат бар екенін айтады. Бұл ең алдымен қаладағы кептеліс мәселесін реттеу үшін қолға алынған шара. Жобаны уақытында аяқтау үшін көшені кеңейтуге тура келген. Үлкен жолайырықтың құрылысы қазір қызу жүріп жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу