Батыс Қазақстан облысында тәртіп бұзған 13 науқас жазаға тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында тәртіп бұзған 13 науқас жазаға тартылады

05.05.2020

Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 13 науқас жазаға тартылады. 30-ға жуық емделуші ағзамызда ауру белгілері байқалмайды деген желеумен палаталарынан рұқсатсыз шығып, үйлеріне кетуге талпынған. Олар тоқтау айтқан дәрігерлердің сөзіне құлақ аспай, аурухана есігін бұзып, аулаға шыққан. Амалы таусылған дәрігерлер дереу полиция шақыртуға мәжбүр болған. Науқастрға жағдай түсіндірілгеннен кейін ғана олар бөлмелеріне оралған.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу