Түркістан облысындағы ауылдарды су басу салдарын жою жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы ауылдарды су басу салдарын жою жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды

04.05.2020

Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті өкімге Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойды. Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың төрағалық ететін комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. Комиссия залалды бағалау, су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету секілді міндеттерді жүзеге асырады.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу