Карантинде трансплантация жасалмайды. Науқастардың жағдайы не болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинде трансплантация жасалмайды. Науқастардың жағдайы не болмақ?

03.05.2020

Covid -19 вирусы дүрбелеңге салғаны сонша, басқа, емі қиын аурулар туралы ұмытып кеткендейміз. Мысалы, медицинасы өте жоғары деңгейдегі немесе белгілі-бір ауру бойынша нәтиже көрсеткен елдердің клиникаларына барып емделуді жоспарлағандар бар. Жұрттан жылу жинап, немесе барын сатып, белгілі-бір клиникамен келісіп, сол ғана үміт отын сөндірмей жүргенде мына жағдай шықты. Шекаралар жабық. Ал ауру шекара жабылды деп, бейнелеп айтқанда «ұйқыға кетпейді». Сонымен бірге елімізде шұғыл істелуі керек болса да, кейбір операциялар жасалмай жатыр.

Мысалы, диализге тәуелді 26 жастағы Данагүлге інісі донор боламын деп шешкен. Бірақ өзі айтады: «Маған операция шұғыл керек, катетер істемей бастады. Жүрмей қалса, біттім ғой...»

Ақерке БЕКТАС  


Хабарламаларға жазылу