Биыл Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толды

30.04.2020

Бірлік пен бейбітшілік – қазақстандықтар қол жеткізген басты жетістіктердің бірі. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толды. Бұл айтулы дата «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясынан» басталған еді.

Нұр-Сұлтаннан басталған экспедицияның алғашқы аялдамасы - Шамалған, бір кездері Елбасының арманына қанат бітірген ауыл. Тұрғындары түрлі ұлттан құралған. Мына кадрларда олар Тұңғыш Президенттің туған жерінде тұратындарын мақтанышпен айтып жатыр. Қызықты әңгіме құнды естелікке айналып, таспа Елбасының қолына табысталмақ.

Үшқоңырдың баурайында біраз аялдаған экспедиция туының қай қалаға бағыт алғаны айтпаса да түсінікті. Бұл — Теміртау. Тұңғыш Президентті құрыштай шынықтырған қала. Тұрғындарының да айтар естелігі аз емес. Ассамблея өкілдерін құшақ жая қарсы алып, Алматы қаласына аттандырды.

Елдегі карантин режимі біте салысымен халықтық экспедиция республиканың барлық өңірін аралап, көршілес елдерге де жол тартады.

Назерке БҰРХАН


Хабарламаларға жазылу