Қостанай облысы тұрғындарына жайылымыдық жер тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы тұрғындарына жайылымыдық жер тапшы

30.04.2020

Қостанай облысында ауыл жұрты жайылым тапшылығынан зардап шегіп отыр. Жақында Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев аулының тұрғыны үйінің жанына мал баққаны үшін 50 мың теңге айыппұл арқалады. Себебі елді мекеннің іргесіне дейінгі жер ірі серіктестікке тиесілі. Сондықтан ауыл малы ол жаққа аттап басса, иесі жауапқа тартылады.  

Ал әкім жайылым мәселесін өзекті санамайды. Сондықтан тұрғындардың іргедегі телімдердерді ауылға қайтару туралы талабы ескерусіз қалып келеді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу