Елімізде коронавирус пен өзге аурудан қайтыс болғандар статистикасы бөлек жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус пен өзге аурудан қайтыс болғандар статистикасы бөлек жүргізіледі

30.04.2020

Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітім статистикасы жеке-жеке жүргізіледі. Бұл мәселені жер-жерде арнайы комисиялар жіті қадағалайды. Мәселен, пациент созылмалы аурудан қайтыс болса, бірақ тексеру кезінде ағзасынан коронавирус анықталса да, ол инфекциядан болған өлім тізіміне кіргізілмейді. Бірақ жерлеу кезінде коронавирустан қайтыс болғандарды жер қойнына тапсыру тәртібі сақталады. Яғни арнайы қапшыққа оралады әрі рәсімге тек екі-үш ет-жақын туысы қатысады.

Айта өтейік, осы кезге дейін елімізде 25 адам коронавирустан көз жұмды. Өлімге нақты індет себеп болғаны дәлелденген. Сондықтан оларға қатысты құжаттар қайта қаралмайтынын айтады министрлік өкілі.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу