Қарағандыда апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының ұшқышы ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының ұшқышы ауруханадан шықты

30.04.2020

Қарағандыда апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағының ұшқышы пен штурманы ауруханадан шықты. Иван Гаврилко мен Арман Құрманғалиев облыстық Хафиз Мақажанов атындағы клиникада ем алды. Олардың денсаулығы жақсарған соң үйлеріне жіберілген. Алайда, ұшқыштардың сынығы бітіп, күйігі жазылғанға дейін дәрігерлердің бақылауында болады. Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуір күні МиГ-31 жойғыш ұшағының қозғалтқышынан өрт шығып, Қарағанды әуежайынан сыртқары Қарақұдық ауылы маңындағы далалы аумаққа құлаған еді. Апаттың себебін анықтау үшін Қорғаныс министрінің бұйрығымен арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, құлаған ұшақ 1991 жылы наурыз айында Ресейдің «Сокол» авиазауытынан шыққан. Жарамдылық мерзімі 30 жыл. 7 жыл бұрын Ресейдің Ржев қаласында күрделі жөндеуден өткізіліп, 8 жылға кепілдік берілген. Яғни бір жылдан соң жарамдылық мерзімі бітуі тиіс. Елімізде осы әуе апатынан соң МиГ-31 ұшақтарының ұшуы тоқтатылған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу