Коронавирус пандемиясы көптеген қызмет саласына өзгеріс әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пандемиясы көптеген қызмет саласына өзгеріс әкеледі

30.04.2020
Коронавирус пандемиясы көптеген қызмет саласына өзгеріс әкеледі

Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы салдарынан көптеген қызмет саласы тоқтап немесе қашықтықтан жұмысқа көшті. Әлем елдері карантин режимін алып тастаған соң ірі бизнес басшылары қызметкерлерінің жұмысын жаңа жүйеге алмастыруды ойластырып отыр. Себебі олар мыңдаған қызметкерді бір ғимаратқа жинамай да тиімді жұмыс істеуге болатынын түсінді.

Мұндай шешімді қабылдайтын ірі компаниялардың бірі ағылшындық Barclays банкі болмақ. Банктің бас директоры Джес Стейлидің айтуынша, алдағы уақытта күн сайын Лондонның орталығына келетін мыңдаған қызметкердің саны төмендейді.

«Біздің қарастырып отырған жүйеміз ұзақ уақытқа бағытталған. Күн сайын бір ғимаратта жеті мың қызметкерді ұстап отыру жүйесі ескірді деп ойлаймыз. Пандемия үйде отырып та тиімді жұмыс істеуге болатынын көрсетті»,- дейді Джес Стейли.

Бұл жүйе Barclays-тың Ұлыбританияда ғана емес, Еуропа, АҚШ, Азиядағы банк бөлімшелеріне де қатысты болады. Компания басшылығы алдағы уақытта Сингапур, Гонконг және Токиодағы бөлімдерін қайта ашып, аталған жаңа жүйе режимін сынап көрмек.

Reuters


Хабарламаларға жазылу