Түркістан облысында жомарт кәсіпкер тегін қой таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жомарт кәсіпкер тегін қой таратты

29.04.2020

Ұйымдастырушылар төтенше жағдайдың салдарынан қашықтан білім алып жатқан оқушыларға планшеттің көмегі ауадай қажет екенін ұғып осындай ұйғарым жасаған. Көмек қорына 8 жарым миллион теңге жиналған. Планшеттер көп балалы және тұрмысы нашар отбасы балаларына берілді.  

Қайырымдылық істен шардаралық кәсіпкер де шет қалмады. Қалталы азамат Рамазан айында 21 қойды зекет ретінде көмекке зәру, мүгедек және көпбалалы отбасыларға таратып берді. Бүгінгінің Атымтай Жомарты қойларды әр үйге тірідей үлестірген. Ондағы мақсат — көмекке мұқтаж ауылдастарының ауызашар жасауына, қажетті кезінде союына немесе құрбандық шалуына мүмкіндігі болса деген ізгі ой. Шардара ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Күніне бір жақсылық жасайық» атты бұл акция Рамазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу