Азат Перуашев жүйе құраушы компаниялар тізімін қайта жасауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азат Перуашев жүйе құраушы компаниялар тізімін қайта жасауды ұсынды

29.04.2020

Маңызды өндірістік кәсіпорындар мемлекеттік қолдаудан тыс қалып қоюы мүмкін. Сондықтан жүйеқұраушы компаниялар тізімін қайта қарау керек. Бүгін мәжіліс депутаты Азат Перуашев Премьер-министрге осындай сауал жолдады. Оның пайымдауынша, қазіргі тізімге негізінен салалық монополистер іліккен. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу негізінде күн көріп отырған кәсіпорындар бар. Азат Перуашевтің айтуынша, қолдауды нарықта ашық бәсекелестік заңымен жұмыс істейтін компанияларға көрсеткен дұрыс. Депутат реестрді қайта қараған кезде өңірлердің де ұсыныстары ескерілсе деген ұсыныс айтты.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында көмек сұраған 361 кәсіпорынның тізімі ұсынылған болатын. Бірақ, әлеуметтік желілерде тараған ол тізім көпшіліктің наразылығын туғызып, қызу талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде ірі компанияларға қолдау көрсетілетіні туралы айтты. Оған экономика үшін маңызды деген кәсіпорындар енеді.  

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу