Түйелер күл ауруына шалдығуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түйелер күл ауруына шалдығуда

29.04.2020

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында түйелер тағы да күл ауруына шалдықты. Әсіресе, Тәжен, Сыңғырлау ауылдарында мал шығыны көп. Алайда, ветеринарлар ауырған түлік пен шығын көлемін есептеп жатқанын айтады. Тұрғындардың айтуынша, бастапқыда түйелердің ауыз қуысы, ерні мен мұрнына дейін жара қаптап кетеді. Ал ауру дендегенде жануар жем-шөп түгілі су іше алмай жатып қалады. Бейнеуліктер індетпен өз бетінше күресуге мәжбүр. Өйткені мамандар қажетті вакцинаға енді ғана тапсырыс берген. Аудан бойынша 27 ірі қарадан сынама алынып, күл ауруы анықталды. Індет ошақтары дезинфекцияланып, карантинге жабылды. Түйенің күл ауруы аудан көлемінде былтырдан бері өршіп тұр. Өткен жылы облыс бойынша мыңнан астам түйе індетке шалдыққан.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу