Қолданылған масканы тастаған адам әкімшілік жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қолданылған масканы тастаған адам әкімшілік жауапқа тартылады

29.04.2020

Қолданылған масканы кез келген жерге тастасаңыз жауапқа тартыласыз. Мұндай жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтың 505-бабы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш немесе 55 560 теңге айыппұл салынады. Өйткені мұндай маскалар өте қауіпті, оларда вирус 30 сағатқа дейін сақталады. Сондықтан бетпердені көшеде бейберекет лақтырмай, полителен пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастау керектігін айтады еліміздің вирусолог мамандары.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу