Тұрғындарға аулада сағат 09:00-20:00 аралығында серуендеуге рұқсат етіледі. Азаматтар 2 метрлік қашықтықты сақтап, қорғаныс құралдарын (маска, антисептик) пайдалануы керек.
Автожуу, техникалық қызмет көрсету станциялары, дөңгелек жөндеу қызметі сағат 10:00-20:00 аралығында жұмыс істейді.
Химиялық тазарту, кір жуу орындарының жұмыс уақыты - 9:00-16.00 аралығында.
Заңдық қызмет көрсететін субъектілер (адвокаттар, сот орындаушылар және т.б.), нотариустар (10:00-20:00 аралығында) алдын ала жазылу бойынша жұмысын жалғатырады.
Автобөлшектер, құрылыс материалдарын саудалайтын дүкендер сағат 9:00-18.00 аралығында ашық болады.
Екінші деңгейлі банктер мен оларға қарасты ақша айырбастау пункттері, несиелік серіктестіктер, микроқаржылық ұйымдар қалыпты режимде жұмыстарын жалғастырады.
Бау-бақша серіктестіктеріне, саяжайларға баратын қоғамдық көліктер сағат 05:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.
Карантин кезінде жұмыс істейтін нысандар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі