Енді банктер берілген несие үшін клиенттерден комиссия ұстамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді банктер берілген несие үшін клиенттерден комиссия ұстамайды

02.08.2018

Себебі, Ұлттық банк 16-шілдеден бастап өзге қаржылық ұйымдарға ипотекалық қарыздарына қатысты банк шотын жүргізгендігі үшін комиссия алуларына тыйым салды.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, «Меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелеріне байланысты» заңға сәйкес банктік қарыз шарттарына бірнеше түзету енгізілген. Бұл комиссиялар тізбесін оңтайландырып, қарыз алу мен оған қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың шығыстарын қысқарту үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, жеке тұлғалар арасында жасалған ипотекалық қарыз шарттары бойынша банк шотына қарызды есепке алмайды.

Иман Әл-Кейси, ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысының орынбасары:

- Егер тұтынушы банкпен келісімшартқа осы жылдың 16-шілдесіне дейін отырса, қаржылық ұйым тарифтеріне сай бекітілген комиссияларды төлеуі тиіс. Ал, 16-нан бастап рәсімделген келісімшарттардың иелерінен комиссия алынбайды. Банк жасаған негіздермен тұтынушылар келіспеген жағдайда, мұндай дау-дамайлар құзырлы органдардың көмегі арқылы шешілуі қажет. 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу