Шетелдік компаниялар Қазақстанға 4,7 миллиард доллар қаржы құяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік компаниялар Қазақстанға 4,7 миллиард доллар қаржы құяды

04.07.2018

Шетелдік компаниялар Қазақстанға 4,7 миллиард доллар қаржы құятын болды. Астанада өткен «Қазақстан Глобал Инвестмент Роунтэйбл» инвесторлар жиынында 32 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Мәселен, дүниежүзілік банк соңғы 25 жылда Қазақстанға 8,1 миллиард доллар қаржы құйған. Нәтижесінде 46 ірі жоба іске асырылды. Аграрлық саланың ахуалы тіпті жақсы. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жандандыру үшін шетелден 4,4 миллиард доллар инвестиция бөлінген. Жалпы, инвестиция дегеніміз кәсіпкерлердің бір салаға құйған ақшасы. Кейін оны қарыз ретінде қайтарып алмайды. Қаржы салған кәсіпорынның табысына ортақтасып пайда көреді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу