Ел бойынша 15 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша 15 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

27.04.2020

Елімізде қазір вирус жұқтырған 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, өткен тәулікте науқастардың өсімі 4 жарым пайыз болған. Бұл жағдайдың тұрақталып келе жатқанының көрінісі. Бірақ медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыруы азаймай тұр. Індетке шалдыққандардың 30 пайызы, яғни 820-сы дәрігерлер. Ал ауырып жатқандардың 11 пайызы дертті басқа мемлекеттен жұқтырып келсе, 70 пайызы солармен жақын байланыста болған. 17 пайыз жергілікті жағдайлар.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу