«Hikmet tv» студиясында онлайн режимде арнайы дәрістер оқылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Hikmet tv» студиясында онлайн режимде арнайы дәрістер оқылуда

26.04.2020

Қасиетті Ораза айы да басталып кетті. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасай отырып, мына ақпараттарды жариялаймыз. «Hikmet tv» — Мұсылмандар діни басқармасының YouTube-тағы арнасы.  

Карантин кезінде Рамазан айы қалай өтеді?

1) Карантин кезінде мешіттерде «тарауих» және басқа да намаздар (дұғалар) тоқтатыла тұрады;

2) Үйде, әсіресе қоғамдық тамақтандыру орындарында «ауызашар» ұйымдастыруға болмайды; 

3) Ораза ұстаушылардың үйіне тамақты байланыссыз жеткізу арқылы ауыз аштыра аласыз; 

4) Антисептик қолдану оразаны бұзбайды;

5) Рамазан айында 30 күн бойы имамдар мен ұстаздар «Hikmet tv» студиясы арқылы онлайн режимінде дәрістер оқиды;

6) Күн сайын бір сағат бойы «Hikmet tv» студиясы арқылы Құран сүрелері оқылады, сондай-ақ muslim.kz инстаграм парақшасы арқылы күн сайын онлайн режимде республикалық «Хазірет Сұлтан» мешітінің имамдарының дұға оқылуы ұйымдастырылады;

7) Биылғы пітір садақаның мөлшері – 370 тг, оны интернет арқылы төлей аласыз.

Сонымен бірге, күн сайын «Қазақстан» ҰА тікелей эфирінде Қазақстан мұсылмандар дін басқармасының өкілдері келіп сұхбат береді.

 «40 күн отырдық, жетер енді» деп, сыртқа лап қойсақ, ұйытып отырған бір шелек сүтті қағып кетіп, төгіп алғанмен бірдей...


Хабарламаларға жазылу