90 күнге шегерілген несиенің үстіне пайыз қосыла ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

90 күнге шегерілген несиенің үстіне пайыз қосыла ма?

24.04.2020

Елімізде несие төлемдерін кейінге шегеруге қатысты түрлі түсінбеушіліктер туып жатыр. Бірі мұндай қызмет үшін банктер пайыз қосады десе, енді бірі мұны жоққа шығарып әлек. Белгілісі қазір бір жарым миллион астам адамның берешегі 90 күнге шегерілді.  

Бірақ шегерілген күннің бәрібір өтеуі болады. Ол үшін пайыз қалай қосылады? Ал бұл қаншалықты заңды? Қазір сарапшылар осы сұрақ төңірегінде бас қатырып отыр. Өйткені клиент несиені кейінге қалдыруды сұрағанымен, банкпен арада қарызды ұлғайту туралы келісім болмағанын айтады. Тіпті еліміздің экономикасы нашарлап, инфляция артса, банк алдындағы берешек тағы арта түсуі мүмкін.

Ал Ұлттық банктың болжамы бойынша инфляция жыл соңына дейін 9-11 % шамасында болуы тиіс. Бұл несие пайыздарының автоматты түрде өсу ықтималдығын арттырады. Осыны ескерген белсенділер банктердің мұндай әрекеттерін заңсыздыққа балап, биліктен көмек сұрап жатыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу