Алматыда сұлулық салондары жұмыстарын бастауға рұқсат сұрауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сұлулық салондары жұмыстарын бастауға рұқсат сұрауда

24.04.2020

Алматылық кәсіпкерлер ірі кәсіпорындар тәрізді сұлулық салондары мен шаштараздардың жұмысын жандандыруға рұқсат сұрап, Президентке және Үкімет басшысы мен қала әкіміне хат жолдады. Олар сән салондарын екінші кезеңде жұмысын бастайтын мекемелер қатарына қосуды талап етіп отыр. Бұл кезеңдегі кәсіпорындар 27 сәуірде ашылады деп жоспарланған. Алайда жедел штаб нақты қай салаларға рұқсат берілетіндігін ресми түрде хабарлаған жоқ.

Ресми дерек бойынша, Алматыда сұлулық саласында қызмет көрсететін 3500-ден астам мекеме тіркелген. Шамамен, 35 мың адам жұмыс істейді. Ал қалалық жедел штаб өкілдері екінші кезең бойынша нақты қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін ашып айтпады. Дегенмен, сұлулық салондарын ашу жоспар бойынша мамыр айына жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, қала бойынша күніне карантин талаптарын сақтамаған 20-ға жуық дерек анықталады. Ал оларға 200 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Заң бұзушылық көбейгеніне байланысты қазір тиісті органдар тарапынан бақылау күшейтілді. Дегенмен, мамандар тұрғындардан осындай фактілер анықталса жауапты мекемелерге хабарласуды сұрап отыр/.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу