Bek Air әуе компаниясы жолаушыларға 37 миллион теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Bek Air әуе компаниясы жолаушыларға 37 миллион теңге қарыз

23.04.2020

Bek Air әуе компаниясы жолаушыларға 37 миллион теңге қарыз. Түркісіб аудандық сотында компанияның үстінен билет құнын қайтарып алу туралы жазылған арыздар қаралып жатыр.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті 560 қазақстандықтың атынан арыз берген. Қалалық соттың мәліметінше, сот отырысы онлайн өтіп жатыр. Онда әуе компаниясы 1 мыңнан астам билетті сатқаны айтылған. Арыз беруші соттан компания осы қаражатты жолаушыларға қайтарып беруді талап етіп отыр. Дегенмен, тұтынушылар тарапынан әлі де арыздар түсіп жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу