Елімізде эпидемиолог мамандар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде эпидемиолог мамандар тапшы

22.04.2020

Қазақстанда 15 жылдан бері эпидемиолог дәрігерлер дайындалмайды. Мамандардың жетіспеушілігі бүгінгі пандемия уақытында ерекше сезіліп отыр. Ал вирустың қаупі қашан қайтатынын ешкім нақты айта алмайды. Осыған орай, «Ақжол» партиясы фракциясының депутаттары бүгін Премьер-Министрдің атына арнайы сауал жолдады. Эпидемиологтарды дайындадуды елдегі универсиеттер 2005-2007-жылдары толық тоқтатқан. Оның басты себебі түлектердің көпшілігі мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Яғни бұған дейін ондай кадрларға сұраныс болмай келген. Ал қазір елімізде эпидемиологтар жеткіліксіз болса да бар. Бірақ олардың дені зейнет жасына шыққандықтан, ізбасарлары мүлдем жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу