Талдықорған-Өскемен тас жолының құрылысы қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған-Өскемен тас жолының құрылысы қызу жүріп жатыр

22.04.2020

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, стратегиялық маңызы бар нысандарда жұмыс тоқтаған жоқ. Соның бірі — Талдықорған-Өскемен тас жолы. Ұзындығы 700 шақырымнан астам республикалық маңызды жолдың 328 шақырымы Алматы облысының аумағынан өтеді.

Құрылыс жұмыстары 5 негізгі учаскеге бөлінген. Жолдың Талдықорғаннан Өскеменге қарай 38 шақырымы бірінші учаскенің еншісінде. Мұнда 300-дей адам еңбек жұмылдырылған. Негізінен жергілікті тұрғындар. Жақында ғана оператор болып орналасқан Айбол Бекзат асфальт төсейтін алып техниканы небәрі 10 күнде меңгеріп алған.

Елдегі төтенше жағдай режимі доғарылған соң жол бойында жұмысшы саны арта түспек. Қазір олардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, оқшауланған. Еңбеккерлер қалашықтан шығарылмайды, ауылдарына бармайды.

Жұмысшы саны артқаннан кейін мердігерлер екі ауысыммен түнгі уақытта да жұмыс істемек.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу