Лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтайтын басқарма құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтайтын басқарма құрылды

22.04.2020

Елімізде орталық мемлекеттік органдардың басшылары арасындағы жемқорлықты әшкерелеу үшін арнайы басқарма құрылды. Жаңа құрылым сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігіне қарайды. Жалпы, елімізде тоқсан күнде 900-ге жуық жемқорлық фактісі тіркелген. Пара алу мен бюджет қаржысын жымқыру қылмысы бойынша Ішкі істер министрлігі көш бастап тұр. Одан кейін экология, ауылшаруашылығы, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жайғасқан. Жылдың алғашқы 3 айында 417 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның әрбір төртіншісі мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік ұйымдардың бірінші басшысы. Заңды белшеден басқандардың қатырында облыс әкімдіктерінің қызметкерлері де аз емес. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан өңірлерінде қылмыстық заң бұзушылық жиі кездеседі.  

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу