Мәскеу қаласынан 200-ден астам қазақстандық елге бет алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу қаласынан 200-ден астам қазақстандық елге бет алды

21.04.2020

Ресейдегі қазақстандықтар маусым айының ортасына дейін осы елде тіркеусіз жүре алады. Ол үшін азаматтараға ешқандай айыппұл немесе депортация шаралары қолданылмайды. Ал бүгін Мәскеу қаласынан көрші елде қалып қойған 200-ден астам қазақстандық автобуспен елге бет алды. Қазақстандықтардың елге оралуы үшін Ресеймен келісімге келу қиындық тудырмады. Бүгін бес автобуспен 254 адам жолға шықты. Оның 200-і студент, 54-і Ресейде жұмыс істегендер, арасында емделуге келген отандастарымыз да бар. Барлық жолаушылар Мәскеуде арнайы тексеруден өтті.

Бір адамға жол құны 25 мың теңге. Автобус Қазақстанға дейін 22 сағат жүреді, соңғы нүкте — Ақтөбе. Жол бойы студенттермен бірге дәрігерлер мен дипломаттар да ілесіп жүреді. Елге оралғандар ертең Ақтөбе Қаласында карантинге жабылады

Бұл игі іс Ресейдің өзге де облыстарында да жалғасты. Өңірлердегі бас консулдықтар елге қайта алмай жүрген қазақстандықтардың басын қосып елге қайтару үшін әрекет етуде. Ол үшін елшілік сайтында көрсетілген жедел желіге хабарласып, жазылу керек.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу