«Brent» маркалы мұнайдың құны Қазақстан экономикасына кері әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Brent» маркалы мұнайдың құны Қазақстан экономикасына кері әсер етеді

21.04.2020

Brent маркалы мұнай құны жақын арада өспесе, Қазақстан экономикасына кері әсер етеді. Экономист Мақсат Халық осылай деп отыр. Айтуынша, Америкалық WTI құнының құлдырауы Қазақстанға қатты әсер етпейді. Алайда Brent құнының түсіп жатқаны алаңдатарлық. Өйткені біздегі өндіріліп жатқан мұнай Ресейдің Urals маркасымен ұқсас. Яғни Brent құлдырап жатса, ізінше Urals та арзандайды.

Айтқандай-ақ мұнай нарығындағы жағдай ұлттық валютаны әлсіретіп отыр. Сәуір айының басында ғана нығайған теңге бүгін өз позициясын қайта жоғалтты. Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында бір доллар 427 теңгеге саудаланса, түстен кейін тағы үш теңгеге қымбаттап шыға келді. Қазір бір ақш долларының құны 430 теңге 5 тиын.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу