Газ әр үйге кімнің есебінен тартылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ әр үйге кімнің есебінен тартылады?

21.04.2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй алаптарына газ тарту желілерінің құрылысы басталғаны туралы кеше айтқан едік. Енді сол газ әр үйге кімнің есебінен тартылады және тарифтың бағасы қандай болады?

Қызылордадан Қарағандыға, Қарағандыдан Теміртауға, Теміртаудан Нұр-Сұлтанға. Бас-аяғы ұзындығы 1000 шақырымнан аса құбырмен тартылып келген газ дәл аулаңызға келгенде тоқтап, жетпей қалды. Өйткені, әкімдік газды көшеңізге дейін тартады, ары қарай үйге кіргізу әр тұтынушының жеке ісі. Мысалға, Алматыда мұндай қызметтің құны 50 мыңнан 500 мыңға дейін барады екен.

Қазір газ Нұр-Сұлтандағы таратқыш станцияға әкелінген. Станциядан ары қарай қаланың ішіне, тұрғын үй алаптарына жеткізіледі. Елордада екі жылу энергия орталығы бар. Тағы үшінші салынып жатыр. Олар толық газға өтпейді. Биыл 16 қазандықтың алтауы газға ауыстырылады.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу