Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заң жобасы Сенатта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заң жобасы Сенатта қаралады

20.04.2020

«Қазақстанда бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» заң жобасын Сенат қарауына алды. Бұған дейін түрлі деңгейде талқыға салынып, сүзгіден өткен құжат барлық халықаралық стандарттарға сай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен митинг өткізу үшін мемлекеттен рұқсат алу қағидасы алынып тасталды. Тек ескерту жасалса жеткілікті. Бейбіт жиын арнайы белгіленген жерлерде өткізіледі. Ал ол жерлердегі адам өмірінің қауіпсіздігі мен заңдылықтың сақталуы ұйымдастырушының мойнына жүктеледі. Бұл еститін мемлекет пиниципін күшейтуге септігін тигізеді және демократияны мығымдай түсетінін айтады сарапшылар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу