Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар мекемелер жұмысын қайта бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар мекемелер жұмысын қайта бастады

20.04.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда бүгіннен бастап бірқатар мекемелер қайта жұмысын бастады. Олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы керек. Мемлекеттік комиссия бекіткен тізім бойынша Нұр-Сұлтанда өндірістік кәсіпорындар, құрылыс және жол құрылысы саласындағы компанияларға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілді. Ал екінші деңгейлі банктер 09:00-ден 16:00-ге дейін, ал нотариустар алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Жұмыс берушіге қойылатын тағы бір талап, қоғамдық көліктің жүрмеуіне байланысты қызметкерлердің тасымалын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, әкімші, есепші сынды үйден жұмыс істей алатын қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы қажет. Ал тізімге ілікпеген мекемелер жұмысы кезең кезеңімен басталады. Себебі індет әлі де өршіп тұр. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу