Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 99 балаға азық-түлік таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 99 балаға азық-түлік таратылды

17.04.2020

Ақтөбедегі облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымы мен облыстық мәслихат депутаттары «Біз біргеміз» акциясына үн қосты.  

Олар 2 миллион теңгеге мүмкіндігі шектеулі 99 балаға азық-түлік қоржындарын таратты. Әр қоржынға ет, ұн, күріш, шекер мен түрлі тәтті тағамдар салынған. Балалар мен олардың отбасылары үшін арнайы сыйлықтар да әзірленді. Шараға жиналғандар қасиетті Рамазан айында осындай сауапты істердің көп болуып тіледі.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу