Қызметіне адал ақ халаттылардың еңбегі еленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметіне адал ақ халаттылардың еңбегі еленуде

17.04.2020

Жаһанды жайлаған пандемия кезінде дәрігерлерге жүктелген жұмыс та, жауапкершілік те еселеп артып отыр. Адам өмірін өлімнен арашалап қалып, аяғына тұрғызу — дәл осы абзал жандардың қолында. Қызметіне адал мамандардың бұл еңбегі мемлекет тарапынан елеусіз қалмады. Реанимация бөлімдері, жұқпалы аурулар дәрігерлі мен кіші медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы қосылды. Мұнан бөлек, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен көлік жүргізушілері де қаржылай қолдауға ие болды.      

Өмір мен денсаулық — адам баласының ең қымбаты. Ал оны көп жағдайда сақтап қалатын да, ғұмыр сыйлап, оны ұзартатын да шипагерлер. Сондықтан мемлекетіміз тап қазіргідей жағдайда дәрігерлерді мейілінше қолдап қуаттап отыр. Ал оларға моральдық тұрғыда тірек болу сіз бен біздің қолымызда.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу