Алматыда салынып жатқан инфекциялық аурухана құрылысы қорғандарға зиян келтірмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда салынып жатқан инфекциялық аурухана құрылысы қорғандарға зиян келтірмейді

16.04.2020

Бұл туралы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді. Оның сөзінше, құрылыс жұмыстары басталар алдында тарихи орындарды сақтау туралы ескерілген. Аурухана аумағы толық қоршалады. Мұны аурухананы салып жатқан құрылыс компаниясы қолға алмақ. Ал қорғандарды күзету аймағы бөлек болады. Сонымен қатар мегаполис аумағында орналасқан тарихи орындарды дамыту жөніндегі кеңес құру ұсынылды. Оның құрамына археологтар мен тарихшылар кіреді. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу