Қаржы нарығын реттеу агенттігі «Tengri Bank-ке қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығын реттеу агенттігі «Tengri Bank-ке қатысты түсініктеме берді

16.04.2020

Қаржы нарығын реттеу агенттігі «Tengri Bank» төңірегіндегі сөздерге қатысты түсініктеме берді.  

Қаржы ұйымы қиын жағдайға тап болғаны рас. Сол үшін банк түрлі шектеулер енгізіп жатыр. Яғни салымшылар банкоматтан тәулігіне 50 мың теңгеден артық ақша шеше алмайды. Бірақ бұл банк банкрот болды дегенді білдірмейтінін айтады агенттік төрағасының орынбасары. Сондықтан қаржы ұйымының мыңдаған клиентін алаңдамай сабыр сақтауға шақырды.

Ал Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшірілетін болды. Тиісті Жарлыққа бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Оған сәйкес, Ұлттық банк шілдеге дейін бас қалаға көшірілуі керек. Елордада орталық аппарат орналасқанымен, кассалық операциялар орталығы мен құнды заттар Алматыда қала береді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу