Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 131-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 131-ге жетті

16.04.2020

Сыр өңірінде эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр. Қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастардың саны бүгін 131-ге жетті. Соңғы қосылған 7 жағдайдың 6-ауы облыс орталығынан анықталды. Ал қатаң карантин режиміндегі Қызылорданың ірі сауда орындары елді мекендерді аралап, тұрғындарға қажетті азық-түлікті жеткізіп беруге көшті. Себебі шаһарға кіріп-шығуға мүлдем тыйым салынған. Сондықтан азығы таусылған қала шетіндегі ағайын үшін көшпелі сауда тиімді болып тұр. 

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу