Олар мұнда ақпанның соңында келген. 14 наурызда қарағандылықтарға ерекше қойылым қою керек болған еді. Алайда елде төтенше жағдай енгізіліп, жоспар күрт өзгерген. Салдарынан 50-ге жуық аң және оларға қарауы тиіс 17 адам Қарағандыда қалып қойған.
Жануарлардың жағдайы жақсы. Жергілікті ветеринарлар арнайы келіп, аңдарды қадағалап жүр. Десе де, қазір оларға тамақ тауып беру қиындаған. «Олардың бір айлық тамағына жарты миллион теңгеден астам қаржы керек», - дейді өнерпаздар.
Ақшасы таусылған меймандар енді халықтан көмек сұрауға мәжбүр. Осы орайда қарағандылықтар цирк әртістеріне қолұшын созып, 2 аптаға жететін азық-түлік әкеліп беріпті.