Карантин кезінде сирек кітаптарға сұраныс артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин кезінде сирек кітаптарға сұраныс артқан

15.04.2020

Карантин кезінде сирек кітаптар мен қолжазбаларға сұраныс артқан. Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасына қарасты электронды кітапхананың оқырмандары үш аптада екі есе көбейген. Бұрын 25 мың оқырманмен шектелетін цифрлы кітапхана, қазір 50 мың адамға қызмет көрсетіп отыр.

Оқырмандар осы айда құранның түрлі нұсқаларына, Қаныш, Ахмет секілді тарихи тұлғалар өміріне, Радлов, Потанин, Левшин жазбаларына және латынша жазылған туындыларға қызығушылық танытқан. Бұл халықтың бос уақытты рухани дамуға жұмсайтынын аңғартады.

Гаухар ТӨЛЕКБАЙ


Хабарламаларға жазылу