Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріле бастады

15.04.2020

Төтенше жағдай кесірінен шаруасы тұралап қалған кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріле бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп арнайы бағдарлама әзірлеген.

Төтенше жағдай кезінде шаруасы шатқаяқтап қалған кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге қарастырылған. Қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы үлестіріледі. Қатысушы ретінде анықталған 13 банк ақшаны 3 айдың ішінде игеруі тиіс.

Қазіргідей қиын қыстау кезеңде елдегі кәсіпорындардың 44 пайызы жұмысын мүлде тоқтатуға мәжбүр болған. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнама осыны көрсетті. Орта есеппен олар 232 миллиард теңге шығынға батқан.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу