Шаруалар блок бекеттерден кедергісіз өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруалар блок бекеттерден кедергісіз өтеді

15.04.2020

Көктемгі дала жұмыстарымен айналысатын фермерлер блок бекеттерден кедергісіз өтеді. Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы техникасы мен тауарлық-материалдық заттарды жеткізушілердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін арнайы алгоритм әзірледі. Рұқсат алу үшін қызметкерлердің дерегі және қозғалу негіздемелері көрсетілген электрондық өтінім беріледі. Ол өтінімге кәсіпорын басшысы қол қояды және сол құжат электрондық базаға енгізіліп, автоматты түрде барлық бекетке таратылады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу