Павлодарлық дәрігерлер мен полицейлер енді қонақ үйде тұрады

14.04.2020

Індет жұқтырған сырқаттарды емдеп жатқан Павлодарлық дәрігерлер енді қонақ үйлерде тұрады. Түнгі ауысымнан шыққан алғашқы 70 дәрігер бүгін қала орталығындағы арнайы дайындалған мейманханаға орналастырылды. 60-70 адамға арналған осындай оқшаулау орындары тағы бірнеше қонақ үйлерде әзір тұр. Медицина қызметкерлерін арнайы көлікпен тасиды. Айта кету керек, аймақта вируспен күресуге 500-ге тарта инфекционист жұмылдырылған. Бүгін карантин жарияланғалы екінші күн. Коронавирусқа шалдыққандар саны 10 адам. Вирусты жұқтырған соңғы дерек Екібастұз қаласында тіркелді. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан келген такси жүргізушісі болып шықты.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу