Елде жоқ дәрі-дәрмекке зәру жандардың денсаулығына қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде жоқ дәрі-дәрмекке зәру жандардың денсаулығына қауіп төніп тұр

13.04.2020

Балалары талма ауруына шалдыққан ата-аналар дабыл қағып отыр. Олардың қолындағы дертке дауа дәрілер азайып барады. Ал препарат елде жоқ. Бұған дейін шет елден алдырып тұрған болатын. Енді күн өткен сайын үрейлері үдеген шарасыз отбасылар көмек сұрап, шарқ ұрып жүр.

Мәселе сонда. Эпилепсияға дауа дәрілер клиникалық аурулар тізімінде жоқ. Сондықтан препаратқа әркім әр қалай қол жеткізіп келді. Бірақ психотропты затты алу оңайға соқпайды. Құны арзан емес. Бұған дейін өз бетінше әрекет еткен ата-аналар енді қысылтаяңда көмек күтеді.

Әрине, вирус осылай алқымнан алады деп ешкім ойламаса керек. Соның кесірі балалардың денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Ал ата-аналар дәрінің әр түйіріне қараған сайын түңіледі.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу