Қостанай облысының кей ауылдары боранның салдарынан жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының кей ауылдары боранның салдарынан жарықсыз отыр

13.04.2020

Қостанай облысы апта бұрын соққан боранның салдарымен әлі күресіп жатыр. Осы уақытқа дейін жарықсыз отырған 3 ауыл бар. Өкінішке қарай, сол боранда екі адам қаза тапқаны мәлім болды. Оның бірі Әулиекөл ауданындағы малшы, өрісте жүріп адасқан. Екіншісі, Қостанай ауданындағы Семилетка ауылының тұрғыны. Ол үйінен су әкелуге шығып, қайта оралмаған.

Ұйытқыған жел облыс бойынша 87 әлеуметтік нысанның шатырына зақым келтіріпті. Қазір олар жөнделіп жатыр. 100-ден астам электр бағандарын құлатын, желілерді 91 жерден үзген. Апат салдарын жою үшін 18 бригада күні-түні жұмыс істеді.

Яғни, мамандардың айтуынша, бүгін аймақтағы барлық елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету қалпына келтіріледі. Осы уақытқа дейін жеке мүлкі бүлінгені жөнінде азаматтардан ресми орындарға хабарлама түспеген.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу