42500 теңгеге бір отбасынан бірнеше адам өтініш бере ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42500 теңгеге бір отбасынан бірнеше адам өтініш бере ала ма?

13.04.2020
42500 теңгеге бір отбасынан бірнеше адам өтініш бере ала ма?

Әлеуметтік төлем тағайындаған кезде, бір отбасынан неше адамнан өтініш түскені есепке алынбайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Біз адам санына қарамаймыз. Егер бір отбасынан үш-төрт адам төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылып қалып, өтініш берсе, бәріне бірдей төленеді. Ең бастысы, біздің талаптарға сай келсе болды», – деді министр.

Хабарламаларға жазылу